Center Image
IHSAN.KZ
МҰСЫЛМАН ОТБАСЫ ӨШПЕНДІЛІКТІ ӨШІРЕТІН ЖОЛДЫ ОЙЛАП ТАПТЫ 
МҰСЫЛМАН ОТБАСЫ ӨШПЕНДІЛІКТІ ӨШІРЕТІН ЖОЛДЫ ОЙЛАП ТАПТЫ 

Американың Рентон қаласында мұсылман ерлі-зайыпты исламға деген өшпенділікті өшірудің жолын тапты. Олар ақиқат дінге деген америкалықтардың кереғар пікірін өзгертуді қонақжайлылығы мен аспаздықтары арқылы көрсетуде. Аманда Сааб және оның жолдасы Хуссейн үйлеріне ислам жайлы білуге қарсылық тантыпаған кез-келген өздері танымайтын кісілерді құдайы қонақ ретінде күтеді екен.
"Біздің мақсат тек қонақ қылу. Одан кейін өздері де дін турасында сұрақ қойып, білмегендерін сұрай бастайды. Сондай уақытты бізде ұтымды пайдаланып, қалыптасқан қате пікірлер мен түсініксіз жайттарды ашып айтуға тырысамыз", - дейді Аманда. 
Жас жұбайлардың мұндай отырыстарды өткізіп жүргендеріне бірнеше ай болған. Үйлеріне келген қонақпен бірге дәм алдында алдымен мұсылманша дұға жасап, кейін ислами тақырыпта сөз қозғайды. Мұндай жылы әңгімеден кейін "қонақтар" исламға деген пікірлерін өзгертіп, мәз-мейрам болып тарқасатын көрінеді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz