Center Image
IHSAN.KZ
«Адал ас, адал еңбек, адал қоғам» тақырыбында тағылымды кездесу өтті
«Адал ас, адал еңбек, адал қоғам» тақырыбында тағылымды кездесу өтті
Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінде  «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам – рухани байлықтың негізі» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Мешіт наиб имамы Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен өткен кездесудің негізгі мақсаты – жастарды адал еңбекке, кәсіби дамуға, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы азамат болуға бағыттау.

Жиын барысында адал ризықтың маңызы, маңдай термен келген еңбектің қадірі, кәсіпке деген жауапкершілік және қоғамдағы адалдық құндылықтары жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Адал ас – берекенің бастауы.
Адал еңбек – абыройдың негізі.
Адал қоғам – әр адамның адалдығынан құрылады.

Жастарға рухани тәрбие беріп, олардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz