Абай ауданы, Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде жастарға «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Жиын барысында мешіт имамы Мұрсали Қаленұлы нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірді. Имам жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, уақытты тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын ұстанып, рухани құндылықтарды берік ұстануға шақырды.
Сонымен қатар, жаман әдеттердің адамды азғырып, өміріне кері әсер ететіні айтылып, есірткіден бойды аулақ ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы