Дүниежүзілік тазалық күніне орай Осакаровка аудандық мешітінің аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт ауласына түрлі көшеттер отырғызылып, айналаны көркейту жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға аудан тұрғындары мен мешіт жамағаты белсене қатысып, тазалық пен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аударды.
Көшет егу – туған жерді көгалдандырумен қатар, қоршаған ортаға жанашырлық танытып, кейінгі ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыруға бағытталған сауапты іс.
Шара барысында қатысушылар мешіт аумағын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын атқарып, абаттандыруға өз үлестерін қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы