Халиф Әз.Омар күндердің күнінде үлкен, әрі ауыр, кір қапты арқалап Мәдина қаласының ең үлкен көшелерімен бүгіліп бара жатады. Оны көрген ұлы Абдуллаһ жүгіріп келіп:
- Әке, мұныңыз қалай? Халиф деген атағыңыз бар, қапты көтеретін адам таппадыңыз ба, неге өзіңіз көтеріп барасыз?-деп сұрайды.
- Балам, қапты көтеретін адам таппай қалғанымнан емес. Бір мезетке нәпсімнің тәккәппарлығы бой беріп, өзімді өзгеден жоғары көргенімді сезіп қалдым, соны қайта жерге түсіру үшін осылай істеуім керек болды, – дейді.
Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева