Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш ауылдық мешітінің имамы Бауыржан Сәйдуәлиұлының ұйымдастыруымен аймақ жұрты құрбан шалынып, Жаратушыдан жарылқау тіледі.
Аталған игі шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен жастар, мешіт жамағаты түгелдей қатысып, жаратушыдан жауын-шашын, береке мен амандық тілеп, дұға жасады.
Тасаттық барысында елдің бірлігі мен татулығы көрініс тауып, көпшілік Жаратқаннан жерге нұр, елге тыныштық, ырыс-несібе сұрады.
Шара соңында жиналған жамағатқа ас беріліп, ізгі тілектер айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы