Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің  жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

 «Бірінші байлық-денсаулық»,- тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Алла Тағала бізге көрінетін де, көрінбейтін де сансыз нығметтерін молынан сыйлады. Сол ең ұлы нығметтердің бірі – денсаулық пен амандық, яғни өмірдің рахатын бұзатын түрлі аурулар мен қиындықтардан аман болу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге денсаулықты сақтау жолдарын үйретті: адал тамақтану, денені шынықтыру, зиянды әдеттерден аулақ болу, уақытында емделу – осы амалдар арқылы біз Алланың аманатын сақтап, өз өмірімізді мәнді ете аламыз»,-деді.

 

 Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел мен жер үшін шейіт болған батырлар руһына Құран бағыштап, халқымыздың тыныштығы үшін дұға жасады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz