Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің ұстаз Индира Нұртайқызының ұйымдастыруымен «Исламдағы әйел әдебі» тақырыбында танымдық семинар өткізілді.
Жиын барысында ұстаз әйел адамның исламдағы орны, имандылық әдебі, отбасыдағы рөлі, мінез-құлық мәдениеті және күнделікті өмірде мұсылман әйелге тән көркем қасиеттер жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды.
Семинар әйел жамағатының діни сауатын арттыруға, исламдық әдебі мен құндылықтарын дұрыс түсінуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы