Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында VR көзілдірігі арқылы ислам тарихы таныстырылды
Абай ауданында VR көзілдірігі арқылы ислам тарихы таныстырылды

Абай аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатына VR көзілдірігі арқылы ислам тарихы мен пайғамбарлар өмірі таныстырылды.

 Заманауи технологияны қолдану арқылы көрсетілген бұл танымдық жобада қатысушылар қасиетті мекендер мен тарихи оқиғаларды виртуалды түрде тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Жамағат VR арқылы көрген әсерлі көріністерден ерекше әсер алып, ислам тарихын жаңа қырынан танығандарын жеткізді. Шараның мақсаты – діни білімді заманауи форматта жеткізу және жастар мен ересектердің қызығушылығын арттыру болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz