Абай ауданына қарасты Сәрепті ауылдық мешітінің имамы Сәйдоллаұлы Сәбидолла ауылдық әкімдік қызметкерлеріне жат ағымдардың ықпалынан сақтану және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам қоғамда адастырушы ағымдардың пайда болу себептері, олардың белгілері және одан қорғану жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді діни мазмұндарға сақ болу, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу және діни тұрақтылықты сақтаудың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.
Әкімдік қызметкерлері имамға мазалап жүрген сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алып, кездесудің маңыздылығын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы