Center Image
IHSAN.KZ
Ауыл дүкендерінде діни қауіпсіздік тақырыбында насихат жасалды
Ауыл дүкендерінде діни қауіпсіздік тақырыбында насихат жасалды

Сәрепті ауылдық мешітінің имамы Сәйдоллаұлы Сәбидолла ауыл ішіндегі дүкендерде жат ағымға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ауыл халқы көп жиналатын сауда орындарында жат ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін зияны және әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпараттардан сақтану жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында дүкен иелері мен тұрғындарға діни сауаттылықты арттырудың маңызы, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ имам қоғамда тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін әр азаматтың жауапкершілігі жоғары болуы керектігін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz