Center Image
IHSAN.KZ
Сәрептіде «Көшпенділер» романы талқыланды
Сәрептіде «Көшпенділер» романы талқыланды

Абай ауданына қарасты Сәрепті ауылдық мешітінің имамы Сәйдоллаұлы Сәбидолла «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында ауылдық әкімдік қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романын талқылады.

Жиын барысында имам шығармадағы тарихи оқиғалар, ұлттық бірлік пен елдік рухты дәріптейтін тұстарға тоқталып, кітаптың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен маңызын түсіндірді. Кездесуге қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, кейіпкерлер болмысы мен оқиғалардың бүгінгі күнмен байланысы жөнінде ой бөлісті.

Шараның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін жандандырып, қызметкерлердің рухани-мәдени танымын кеңейту болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz