Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде Құран Жарысы өтті
«Бала қажы» мешітінде Құран Жарысы өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде мешіт шәкірттері арасында Құранды жатқа оқудан жарыс өтті.

Мешіт имамы Нуров Махмуд қажының ұйымдастыруымен өткен сайысқа шәкірттер белсенді қатысып, қасиетті Құран аяттарын жатқа және мәнерлеп оқу бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Жарысты мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлы мен наиб имам Жанәділ Манарбекұлы бағалап, қатысушылардың тәжуид ережелерін дұрыс сақтауы мен оқу мәнеріне ерекше назар аударды.

Сайыс барысында қатысушылар Алланың кәламын көркем түрде оқумен қатар, аяттардың мағынасына да терең мән беріп, өз білім деңгейлерін танытты.

Жарыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz