Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды: «Qamqor -Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының кеңсесі ашылды
Қарағанды: «Qamqor -Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының кеңсесі ашылды
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жаңа кеңсесі ашылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға «Қамқор-Шарапат» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы арнайы қатысып, кеңсенің шымылдығын ашты.

Шара барысында жаңа орталықтың жұмыс бағыттары таныстырылып, жамағатқа көрсетілетін қызметтердің маңызы мен тиімділігі түсіндірілді.

Жаңа орталықтың негізгі мақсаты – халыққа діни рәсімдер бойынша сапалы, жүйелі және шариғат талаптарына сай қызмет көрсету. Осыған сай жаңа кеңседе жаназа және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қатысты барлық салттық қызмет түрлері көрсетілетін болады.

Қарағанды жұртшылығы үшін бұл кеңсенің ашылуы — діни рәсімдердің дұрыс атқарылуына, сондай-ақ жедел әрі қолжетімді қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz