Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде «Қамқор-Шарапат» орталығының қызметін талқылаған подкаст өтті
«Әнет баба» мешітінде  «Қамқор-Шарапат» орталығының қызметін талқылаған подкаст өтті

ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ресми «İhsan KZ» арнасында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы мен орталықтың Қарағанды облысы бойынша жауапты менеджері Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысуымен арнайы подкаст ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шараға Қарағанды облысы Дін істері басқармасының оңалту бөлімінің басшысы Рымкулов Султан Аманболдыұлы қатысып, өз ойын ортаға қойды.

Шара барысында жерлеу және жаназа рәсімдерін цифрландыру, зираттарға QR кодтар орнату, рәсімдерді біріздендіру, сондай-ақ қызмет сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Орталық қызметінің жаңа бағыттары мен жамағатқа көрсетілетін қызметтердің тиімділігіне ерекше назар аударылды.

Подкаст «Цифрланған салттық қызмет - сенім мен сауап жолы» тақырыбында өтті. Бұл шара жамағатқа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, рәсімдерді жүйелі ұйымдастыруға және цифрлық шешімдер арқылы қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz