Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде зекет және қайырымдылық бағыты аясындағы шара жалғасын тапты
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Зекет және қайырымдылық бағыты бойынша жоспарлы жұмыстардың бір бөлігі ретінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі іс-шараның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету, жамағат арасында жанашырлық пен өзара ықылас мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Қайырымдылық шарасы мешіт қызметкерлері мен еріктілерінің қолдауымен жүзеге асырылып, мұқтаж жандарға қажетті материалдық көмек ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар мешіттің қоғамға қызмет ету, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және зекет институтын тиімді іске асыру үдерісінің тұрақты бөлігі ретінде жалғасуда.
Аталған бастама Ар-Рахман мешітінің жамағатпен және қоғаммен ықпалдасуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларының маңызды тармақтарының бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы