Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде имам Асылхан Нұртайұлы жұмаға жиналған жамағатқа өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізді.
Түсіндірме барысында мешіт қызметкерлері мен жамағатқа өрт туындаған жағдайда әрекет ету ережелері, эвакуациялық шығу жолдарын пайдалану, электр және жанғыш материалдарды қауіпсіз сақтау, өрт сөндіргіштерді пайдалану және лифт қолданбау сияқты маңызды талаптар жеткізілді.
Сонымен қатар, тек арнайы белгіленген орындарда темекі шегу, газбен және қатты отынмен жұмыс істейтін құралдарды рұқсатсыз орнатпау тәртібі еске салынды.
Мешіт ұжымы жүйелі түрде өткізілетін осындай нұсқамалар арқылы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы