Қарқаралы ауданындағы «Құнанбай қажы» мешітінде ұстаз Рахымбаева Айгерімнің ұйымдастыруымен «Исламдағы әйел әдебі» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға әйелдердің қоғамдағы және отбасыдағы рөлі, діни әдептері мен рухани тәрбиесі жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар практикалық кеңестер алып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар әйелдерді діни біліммен қамтамасыз ету және отбасы мен қоғамдағы жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған маңызды шара болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы