Center Image
IHSAN.KZ
«Ар Рахман» мешітінде өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді
«Ар Рахман» мешітінде өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы жұма намазына дейін жамағатқа өрт қауіпсіздігі талаптары мен сақтану шараларын жан-жақты түсіндіріп, арнайы нұсқама жүргізді.

Нұсқама барысында имам:

Өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібін;

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын;

Мешіт пен өзге де қоғамдық орындарда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.


Аталған түсіндіру жұмыстары жамағаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Жұма намазынан кейін имам Түркістан облысында орын алған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан азаматтардың рухына Құран оқып, бағыштады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz