Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ QALYP РУХАНИ КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ QALYP РУХАНИ КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ар-Рахман мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында QALYP рухани еңбегі талқыланды

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатпен бірге «Бір айда бір кітап» жобасы аясында QALYP атты рухани-танымдық еңбекті оқып, талқылау жұмысын жүргізді.

Талқылау барысында кітаптың негізгі мазмұны, рухани-этикалық бағыттағы идеялары және қазіргі қоғамдағы тұлғалық жетілудің өзекті мәселелері қарастырылды. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еңбекте көтерілген тұжырымдардың практикалық маңызы талданды.

Аталған жоба мешіт жамағатының рухани дүниетанымын кеңейтуге, кітап оқу мәдениетін дамытуға және діни-танымдық білімді жүйелі түрде арттыруға бағытталған тұрақты бастамалардың бірі болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz