Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен бүгін өңірімізде 8–15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында Қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан рухани маңызы зор байқау өтті.
Шараның мақсаты – жас буынның Құран оқуға деген ықыласын арттыру, діни сауаттылықты күшейту және өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Байқауға қатысушылар Құран аяттарын көркем әрі дұрыс оқып, өз шеберліктерін көрсетті.
Бұл жарыс жас өрендер үшін тек сайыс қана емес, рухани тынысты кеңейтіп, Құранға деген сүйіспеншілікті арттыратын игі ортаға айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы