Қарағанды қалалық “Әл-Ғаффар” мешітінде ұстаз Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған шығармашылық бағыттағы арт-терапия сағаты өткізілді.
Шара барысында қатысушылар шығармашылық арқылы өзін-өзі тану, эмоциялық күйді реттеу, стрессті төмендету және топ ішіндегі өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған жаттығуларды орындады. Арт-терапия процесі қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, олардың ішкі көңіл күйін жақсартуға ықпал етті.
Осы тәжірибе арт-терапияның тиімділігін тағы бір мәрте көрсетті. Қатысушылар алдағы уақытта да бұл жұмысты жалғастыруға қызығушылық танытып, мұндай сессиялардың эмоционалдық әл-ауқатты нығайтуға, адамның ішкі жан дүниесін терең түсінуге және жалпы өмір сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы