Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау қаласы ТЖБ қызметкерлеріне рухани насихат жүргізілді
Теміртау қаласы ТЖБ қызметкерлеріне рухани насихат жүргізілді

Теміртау  орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  жеке құраммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында  имам құмар ойындарының қоғамға және жеке адамға келтіретін зияны, деструктивті діни ағымдардың алдын алу тәсілдері, сондай-ақ рухани және жүрек дерттерінен аулақ болу мәселелері жөнінде мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараның мақсаты – қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру және салауатты рухани ұстанымдарды нығайту болды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz