Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің ұстаздарының ұйымдастыруымен «Би-шешендер, жыр-жыраулар сөзі – халықтың тәлім-тәрбие құралы» тақырыбында интеллектуалды жарыс өткізілді.
Шараны мешіт ұстаздары Индира Нұртайқызы, Ақниет Дәуірғалиқызы және Абдраймқызы Муслима өткізді.
Шараға қатысушылар тарихи және әдеби деректерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Жарыс соңында қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар беріліп, қатысқандары үшін алғыс білдірілді.
Іс-шара жастардың ұлттық мәдениет пен әдеби мұраға қызығушылығын арттыруға, рухани және интеллектуалды дамуына бағытталған маңызды оқиға болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы