Саран қаласына қарасты Ақтас кентіндегі «Ерімбет Ата» мешітінің ұстазы Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Исламдағы әйелдің әдебі» тақырыбында семинар өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға Ислам діні тұрғысынан әйелдің әлеуметтік, отбасылық және рухани міндеттері түсіндіріліп, мұсылман әйелдің әдебі мен мінез-құлқы туралы мазмұнды насихат жүргізілді.
Семинар қатысушыларға рухани тәрбие беріп, дінге деген түсініктерін тереңдетуге, өз өмірінде дұрыс моральдік ұстанымдарды қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы