Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында кезекті кездесу өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде дәстүрлі түрде жүзеге асып келе жатқан «Бір айда бір кітап» жобасы жалғасуда. Бұл жолы жамағатқа танымал «Qalyp» кітабы талқылауға ұсынылды.
Шараға мешіттің белсенді жастары қатысып, кітаптағы негізгі ойлар мен рухани тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кітаптың тәрбиелік және танымдық мәнін талқылады.
Айта кетейік, «Бір айда бір кітап» жобасы — жамағат арасында кітап оқу мәдениетін арттыру, діни және рухани бағыттағы танымды кеңейту мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан игі бастама.
Кездесу соңында қатысушылар алдағы уақытта да кітап оқу дәстүрін бұдан әрі жалғастыруға ниет білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы