Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Құранды мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Құранды мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Құранды мәнерлеп оқу» бойынша шәкірттер арасында сайыс өткізілді. Игі шараның мақсаты – Құран Кәрімге деген құрметті арттыру, жас буынның үйренуге деген ынтасын қолдау және діни білімге қызығушылығын нығайту болды.

Сайысқа қала және кенттерден жалпы 23 шәкірт қатысып, қасиетті Құран аяттарын көркем тілмен, тәжуид талаптарына сай оқу бойынша бақтарын сынады.

Әділ қазылар алқасы құрамында:
– «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы,
– Долинка кентінің имамы Марданов Исмаил қызмет атқарды.

Нәтижесінде үздік деп танылған 5 шәкіртке бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Және демеушілердің қолдауымен қаржылай сый-сыяпат жасалды.  Сондай-ақ жарысқа қатысқан өзге де барлық шәкірттерге алғыс хаттар үлестірілді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz