Center Image
IHSAN.KZ
Көп балалы анаға қайырымдылық көмек көрсетілді
Көп балалы анаға қайырымдылық көмек көрсетілді

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлескен ұйымдастыруымен көпбалалы, әлеуметтік көмекке мұқтаж анаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Шара барысында мұқтаж отбасыларға кілемдер мен азық-түлік себеті үлестірілді. 

Бұл іс-шара қоғамдағы әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарға қолдау көрсету, қайырымдылық пен ізгілік ісін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, аналар мен олардың балаларын қолдаудың маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай шаралардың олардың күнделікті тұрмысына зор көмек екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz