Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы Қазыбек би ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам:
құмар ойындарының жеке адам мен қоғамға келтіретін зияны,
деструктивті діни ағымдардың алдын алу тетіктері,
суицидтің тығырықтан шығатын жол еместігі, қиындықтарды еңсерудің дұрыс әрі қауіпсіз тәсілдері туралы мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ олардың рухани-адамгершілік ұстанымдарын нығайту болды.
Бұл кездесу екі тарап арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызметкерлердің рухани орнығуына бағытталған маңызды шара ретінде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы