Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында «Бір айда бір кітап» жобасы бойынша үздік оқырмандар марапатталды.
Шәкірттердің ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұстаз Гүлнұр Қаныбекқызы жетекшілігімен «Артық білім кітапта» үйірмесі ашылған болатын.
Кітап – адамның рухани азығы, ал оны бірлесе талқылау, пікір алмасу – оқуды одан да қызықты әрі мазмұнды етеді. Осы мақсатта оқу үйірмесі әйел - қыздардың сүйікті ортасына айналып келеді.
Үйірме барысында қатысушылар әр айда арнайы кітап таңдап, оны бірге талқылайды. Шығарманың идеясын, автордың көзқарасын өз түсінігі бойынша баяндап, талдау жасайды.
Сонымен қатар, үйірмеде қызықты викториналар, шығармадан үзінді оқу жарыстары, авторлар туралы деректер жинау сияқты іс-шаралар өткізіліп, үздік оқырмандар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы