Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Айгерімнің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ сүйіп жеген тағамдарды дәріптеуге арналған тағылымды жиын өтті.
Іс-шара барысында Айгерім ұстаз қатысушыларға Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінде келетін пайдалы тағамдар, олардың адам денсаулығына пайдасы және рухани тәрбиедегі орны туралы мазмұнды мәліметтер ұсынды.
Сонымен бірге, ардақты Елшінің ﷺ күнделікті ас мәзірінде жиі болған құрма, бал, қара тмин, сүт секілді азықтардың қасиеттері кеңінен түсіндірілді.
Жиынға қатысқан жамағат сүннетке сай тамақтанудың мәні мен маңызын түсініп, өз өмірінде қолдануға ниеттерін білдірді. Шара соңында қатысушыларға ықылас жылы тілектер айтылып, пайғамбарлық сүннетті насихаттауға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы