Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның технолог маманы  Гүлмира Маратқызы және Қарағанды облысы бойынша жауапты өкіл Амангелді Дәулеткелдіұлы Теміртау қаласындағы кәсіпорындарда кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді. 

Атап айтқанда, «Degirmen» тамақтану орны, «АЯН м.» ЖШС сүт өнімдері, «HAS ET» ет дүкені және «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері тексерілді.

Аудит жұмыстары барысында құжаттарды сәйкестендіру, өндіріс орындарындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, сондай-ақ халал стандарттарына сай жабдықтау, сақтау және өңдеу процестері жан-жақты қаралды.

«Халал Даму» мамандары алдағы уақытта да өңірдегі кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істеп, халал талаптарының тұрақты түрде сақталуын бақылауды жалғастыратындарын атап өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz