Center Image
IHSAN.KZ
«Әке тәрбиесі – ұрпаққа өнеге» атты тағылымды шара өтті
«Әке тәрбиесі – ұрпаққа өнеге» атты тағылымды шара өтті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әке тәрбиесі – ұрпаққа өнеге» атты рухани-тәлімдік шара ұйымдастырылды.

«Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйытқы болуымен өткен жиынға мешіттің ақсақалдар алқасы мен мешіт жастары қатысып, өзара рухани байланыс орнатты.

Іс-шарада әкенің отбасыдағы рөлі мен жауапкершілігі жайлы сөз қозғай отырып, ақсақалдар жастарға өнегелі әңгіме, өмірден түйген тәлімді кеңестерін жеткізді. Жастарға елдік пен ерлік, имандылық пен ізгілік туралы мағыналы ақыл-насихат айтылып, олардың бойында отбасы құндылығын дәріптеу мен үлкенді құрметтеу секілді қасиеттерді нығайту мақсаты көзделді.

Жиында береке-бірліктің белгісі ретінде жайылған дастарханнан ас ұсынылып, Құран оқылды. Елдің тыныштығы, жеріміздің амандығы және халқымыздың бірлігі үшін арнайы дұға жасалды.

Бұл шара әкенің отбасы тәрбиесіндегі маңызды орнын айқындап, жас ұрпаққа рухани бағдар беруді мақсат еткен тағылымы мол басқосу болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz