Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда Этномедиация кеңесінің қорытынды отырысы өтті
Қарағандыда Этномедиация кеңесінің қорытынды отырысы өтті

Қарағанды қаласындағы Достық үйі ғимаратында Қазақстан халқы ассамблеясының өңірлік этномедиация кеңесінің жылдық қорытынды отырысы өтті.

 Жиынға Кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, кәсіби медиаторлар мен сала сарапшылары қатысты.

Отырыс барысында өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайту, медиация институтын дамыту, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар жаңа жылға жоспарланған бастамалар мен ортақ міндеттер айқындалды.

Шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Данияр Ерікұлы Камербаев қатысып, діни орта мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастық, татулық пен бірлікке бағытталған тәрбиелік жұмыстардың маңызы жөнінде пікір қосты.

Жиын соңында қатысушылар этносаралық келісімді сақтау жолындағы бірлескен қызметтің өзектілігін атап өтіп, кеңес жұмысының келесі кезеңіне арналған ұсыныстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz