Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен «Құран – жүректің нұры» атты шәкірттер арасындағы Құранды жатқа оқу жарысы өткізілді. Іс-шара мешіт имамы Азамат Төлеуханұлының алғысөзімен басталып, ол қатысушы шәкірттерге сәттілік тілеп, олардың рухани жігерін нығайтатын игі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, имам жарысқа арнайы шақырылған қазылар алқасының мүшелерімен таныстырды. Атап айтқанда, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Аманжолов Сұлтан және Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жанындағы Олжас Есенұлы атындағы қайырымдылық мекемесінің ұстазы Рақымжан Дастан жарыс барысына әділ қазылық жасады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушы шәкірттердің Құран қырағатын жетілдіру, діни білімге деген ынтасын арттыру, сондай-ақ жас буынның рухани тәрбиесін күшейту болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар Құран сүрелерін көркем әрі мәнерлі оқу, тәжуид ережелерін дұрыс қолдану, дыбыс әдебі мен қырағат мәдениетін сақтау сияқты талаптар негізінде бағаланды. Қазылар алқасы жарыстың әділ және жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етті.
Шара қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер марапатталып, барлық қатысушыларға ынталандыру мен жігерлендіру насихаты айтылды. Сонымен бірге, жарыстың әділ қазылық жасаған ұстаздарға арнайы алғыс хаттар тапсырылды.
Бұл іс-шара жас өскін ұрпақтың Құран іліміне деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани мәдениетін қалыптастыруға және діни сауаттылығын нығайтуға оң ықпал ететін маңызды қадам ретінде жоғары бағаланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы