Ислам және отбасы құндылығы жылы аясында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде «Отбасы құндылықтары» тақырыбында жастарға насихат айтылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы жамағатқа отбасының исламдағы орны, ер мен әйелдің жауапкершілігі, бала тәрбиесіне қатысты маңызды насихаттар айтты. Сонымен қатар, отбасы бірлігін сақтау, сыйластық пен сабырлылықтың артықшылықтары, мейірім мен құрметтің маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Жиналған жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасып, игі бастама аясында пайдалы мағлұмат алды.
Іс-шара соңында отбасы құндылықтарын нығайту – қоғам тұрақтылығы мен ұрпақ тәрбиесінің негізгі тірегі екендігі атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы