Center Image
IHSAN.KZ
«Ғыйзат қажы» мешітінде 20 көшет отырғызуға дайындық жүргізілді
«Ғыйзат қажы» мешітінде 20 көшет отырғызуға дайындық жүргізілді

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық  «Ғыйзат қажы» мешітінің аумағында 20 түп көшет отырғызуға арналған арнайы орын әзірленді.

Мешіт жанындағы аумақты көгалдандыру мен абаттандыру мақсатында топырақ дайындалып, көшет егілетін алаң толықтай ретке келтірілді.

 Алдағы күндері жасыл желек ретінде отырғызылатын көшеттер әкелініп, мешіт айнасын көркейте түсу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Бұл игі іс — ауыл орталығын абаттандыруға және табиғатты қорғауға қосылған үлес болмақ.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz