Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінің аумағында 20 түп көшет отырғызуға арналған арнайы орын әзірленді.
Мешіт жанындағы аумақты көгалдандыру мен абаттандыру мақсатында топырақ дайындалып, көшет егілетін алаң толықтай ретке келтірілді.
Алдағы күндері жасыл желек ретінде отырғызылатын көшеттер әкелініп, мешіт айнасын көркейте түсу жұмыстары жалғасын табатын болады.
Бұл игі іс — ауыл орталығын абаттандыруға және табиғатты қорғауға қосылған үлес болмақ.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы