Center Image
IHSAN.KZ
Қарттарға қамқорлық – сауапты істің сәулесі
Қарттарға қамқорлық – сауапты істің сәулесі

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхан ауданындағы қарттар үйіне арнайы зиярат жасап, киім-кешек пен жеміс-жидектер тарту етті.

Зиярат барысында қарттармен емен-жарқын сұхбат құрылып, олардың хал-жағдайы сұралды. Қамқорлық пен мейірімге мұқтаж ақсақалдар мен әжелерге жеміс-жидектер, күнделікті тұрмысқа қажетті киім-кешектер  үлестірілді.

Мешіт дін қызметкерлері бұл шараның басты мақсаты – қарттар көңіліне қуаныш сыйлап, оларға қоғамның назарынан тыс қалмағандарын сезіндіру екенін атап өтті. Осындай сауапты амалдар алдағы уақытта да жалғасатын болады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz