Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті жамағаттың қуанышымен бөлісті. Мешітке жаңа, сапалы жасалған мінбер және құлшылық жасауға қажетті бірнеше заттар сыйға тартылды. Бұл – Алла разылығы үшін жасалған қайырлы амалдың жарқын үлгісі.
Демеуші азаматтар жақсылығын жария етпей, өз аттарын көрсетпеуді сұрағанымен, олардың жасаған игі ісі жамағат жүрегінен ерекше орын алды. Мешіт ұжымы мен жамағат қайырымдылыққа себепші болған барша жанға Алла Тағаладан мол сауап, береке-бірлік және амандық тілейді.
Осындай ынтымақ пен имандылыққа негізделген игі бастамалар жамағат руханиятын нығайта түспек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы