Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен ағартушы, ұлт жанашыры Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға арнайы азық-түлік себеттері үлестірілді.
Игі шараның мақсаты — Алаш арыстарының халқына жасаған қызметін ұлықтау ғана емес, олардың ұстанған рухани-адамгершілік жолын қазіргі қоғамда жалғастыру.
Шара барысында мешіт ұжымы мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету — ислам дінінің басты құндылықтарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, мерейтой аясында жасалған бұл қайырымдылық ісі елдік пен бірлікті насихаттауға бағытталғаны айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы