Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешіті «Намыс» қарттар үйіне зиярат жасады
Саран қалалық мешіті «Намыс» қарттар үйіне зиярат жасады

Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің ұжымы Ақтас кентіндегі «Намыс» қарттар үйіне арнайы барып, қариялардың хал-жағдайымен танысып, рухани кездесу өткізді. Іс-шараға қала имамы Нұржігіт Мұсабеков және мешіт имамдары қатысты.

Кездесу барысында имамдар қарттармен жылы жүзді әңгіме құрып, олардың күнделікті тұрмысын, көңіл-күйін сұрап білді.

Әңгіме барысында үлкенге құрмет көрсету, ата-анаға қызмет ету, қарияларға қамқор болу – ислам діні мен қазақ дәстүріндегі аса сауапты амал екені ерекше атап өтілді. «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында» деген өсиет те еске салынып, қарттарға мейірім мен жанашырлық танытудың маңыздылығы жеткізілді.

Шара аясында мешіт атынан қарияларға арнайы дайындалған жеміс-жидек себеттері мен кілемдер табысталды. Сонымен қатар қарттар үйінің қызметкерлеріне жасаған еңбектері үшін алғыс айтылып, олардың төзімділігі мен жанкештілігі ерекше бағаланды.

Саран қалалық мешітінің ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын жалғастырып, қарттарға қолдау көрсету мен әлеуметтік қамқорлықты басты назарда ұстайтынын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz