Center Image
IHSAN.KZ
Полиция қызметкерлерімен жат ағымның алдын алу бойынша кездесу өткізді
Полиция қызметкерлерімен жат ағымның алдын алу бойынша кездесу өткізді

Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жат ағымдардың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында имам қоғамда жиі кездесетін діни адасушылық түрлері, олардың белгілері және одан сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. 

Сонымен қатар дәстүрлі исламның ұстанымдары, тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудағы діннің рөлі, бірлік пен ынтымақтың маңызы туралы айтылды.

Полиция қызметкерлері де өз тарапынан өңірдегі жалпы ахуал, жастар арасындағы діни сауаттылықтың қажеттілігі және қауіптің алдын алу шаралары бойынша пікір алмасты.

Шара жергілікті қауіпсіздікті нығайту мен қоғамда діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz