Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағатына арналған «Иқро көзайым» оқырман ханымдар клубы қараша айының таңдаулы кітабы – Джеймс Клирдің «Атом әдеттер» еңбегі бойынша кездесу ұйымдастырды.
Кітап талқылауы барысында қатысушылар:
• табыстың кілті – үлкен мақсаттардан бұрын шағын, тұрақты әдеттер екенін;
• жүйелі әрекеттің нәтижеге бастайтынын;
• жақсы әдеттерді жеңілдетіп, жаман әдеттерді қиындатудың мінезді түзеудегі тиімді жол екенін;
• күн сайынғы 1% даму қағидасының маңызын талқылады.
Шарада жамағат үш топқа бөлініп, қызықты куиз ойыны арқылы өз білімдерін сынап, бір-бірінен тәжірибе алды. Кездесу соңында белсенді қатысушыларға марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Жиын оқырмандарға рухани серпіліс сыйлап, білім мен бауырмалдықты арттырған мағыналы басқосу болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы