3 желтоқсан – Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күніне орай Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Нуров Арифжанның ұйымдастыруымен өңірлегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы қолдау көрсетілді.
Іс-шара аясында 12 мүмкіндігі шектеулі балаға жеміс-жидек пен азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл бастама – қоғамдағы ерекше жандарға көңіл бөлу, оларға қолдау көрсету және мейірімділік пен қамқорлықты арттыру мақсатында жүзеге асырылды.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы