ҚМДБ-ның жылдық жоспары аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өңір имамдарының қатысуымен имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстыру семинары ұйымдастырылды.
Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жақында бекітілген «ҚМДБ өкілдерінің жария мәлімдемелері мен жариялымдары бойынша ұсынымдар» құжаты таныстырылды.
Аталмыш құжаттың мазмұны мен маңызын «Уағыз-насихат» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бауыржан Мейірбекұлы түсіндірді.
Сондай-ақ, семинардың күн тәртібінде Ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларды таныстыру шарасы да жалғасын тапуып, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Жүсіп Шұғайұлы облыс имамдарына жаңадан қабылданған пәтуалардың негізгі тұстарын түсіндірді.
Семинар дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, жаңадан шыққан ресми құжаттарды талдау және оларды дұрыс қолдану мақсатында ұйымдастырылды.
Жиын соңында облыс дін қызметкерлері талқылау өткізіп, ортақ ұсыныстарымен бөлісті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы