Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұйымдастыруымен «Білімдінің күні жарық» атты рухани маңызы зор білім сайысы өтті.
Мұқтасар кітабының «Намаз» бабына негізделген бұл сайысқа облысқа қарасты бірнеше мешіттерден келген қатысушылар жиналып, білімдерін таразыға салды.
Атап айтқанда:
– Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті;
– Шет аудандық «Жанқұтты би» мешіті;
– «Ақсу Аюлы» медресесі;
– Кеншоқы ауылдық «Қасқар би» мешіті;
– Ақжал ауылдық мешіті;
– «Қазақтелеком» мекемесі.
Шәкірттер өзара бәсекеге түсіп, намаздың үкімдері, шарттары, парыздары мен сүннеттері жөніндегі сауалдарға жауап беріп, білімдерінің тереңдігін көрсетті.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында шынайы бәсеке, ерекше дайындық, ізденіс байқалды. Нәтижесінде:
І орынды – Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің шәкірті Әділ есімді азаматқа,
ІІ орынды – Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің шәкірті Телпекбаев Айдын;
ІІІ орынды – Кеншоқы ауылдық «Қасқар би» мешітінің шәкірті Мұратұлы Дінмұхаммед қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға қаржылай сертификаттар мен алғыс хаттар табысталып, олардың діни білімге деген ынтасы мен еңбегі ерекше атап өтілді.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың діни сауатын арттыруға, намаз ілімін терең меңгеруге және имандылыққа деген қызығушылығын күшейтуге үлкен серпін беретінін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы