Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған волейбол сайысы ұйымдастырылды. Шарада жамағат белсенділік танытып, командалар өзара тартысты ойын көрсетті.
Сайысқа атап айтқанда:
– Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті;
– Шет аудандық «Жанқұтты би» мешіті;
– «Ақсу Аюлы» медресесі;
– Кеншоқы ауылдық «Қасқар би» мешіті;
– Ақжал ауылдық мешіті;
– «Қазақтелеком» мекемесінің командалары қатысты.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, әр команда жігер мен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Қорытынды нәтижелер бойынша:
1-орын – «Ақсу Аюлы» медресесінің командасы;
2-орын – Ақжал ауылдық мешітінің командасы;
3-орын – Қазыбек би мешітінің командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар арнайы марапаттармен құттықталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Шара жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлікті арттыруға оң ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы