Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде имам Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен берекелі рухани сенбілік кеші өткізілді.
Шара барысында дастархан жайылып, ата-баба рухына Құран оқылып, дұға жасалды.
Сонымен қатар, имам жамағатқа дініміздің құндылықтары, адамгершілік және отбасы берекесі турасында насихат айтты.
Кеш соңында қатысушылар мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, мұндай рухани шараларды алдағы уақытта да жалғастыруға ниет білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы