Center Image
IHSAN.KZ
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты сурет салудан байқау өтті
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты сурет салудан байқау өтті
ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында, сондай-ақ 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті мен №26 жалпы орта білім беретін мектептің бірлесіп ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты сурет салу байқауы жоғары деңгейде қорытындыланды.

5–6 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 20-ға жуық оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жас суретшілердің жұмыстарында ел тәуелсіздігі, Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтар кеңінен көрініс тапты.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан барлық оқушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар берілді.

Игі шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ұйытқы болған «Қазыбек би» мешіті ұжымына №26 мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы өз ризашылықтарын білдірді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz